Ақтөбе облысына қарасты тас жолда қырғызстандық шағын автобусқа белгісіз біреулер оқ жаудырды деп хабарлайдыBNews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқиға 5 сәуір күні түнде орын алған. Бұл оқиғаны сыртқы істер министрлігі растады. Автобус жол ортасында сынып қалып, жүргізуші керек бөлшекті алуға кеткен. Қайта оралған сәтте көлігіне оқ тигенін көреді. Сондай-ақ іште қалған жолаушы жарақат алған.
Оқиға орнына дәрігерлер мен полицейлер келіп жеткен.
Қазіргі уақытта істің анық-қанығы анықталуда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<