Дәрігерлер бір сағат ішінде өңір тұрғындарының артериялық қан қысымын тексерген. «Біз ресми түрде Гиннес рекордын орнатқанымыз туралы растайтын құжат алдық. Мұндай көлемдегі шара бірінші рет өткізілді, ол денсаулық сабағында өтіп, 4 мыңнан аса адамды жинады. Осылайша біз артериялық гипертония мәселесіне назар аударуын қаладық. Сол күні облыстық денсаулық сақтау басқармасы рекорд орнатқаны туралы өтініш берді», – деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев. Осыған дейін артериялық қан қысымын өлшеу шарасы 2015 жылы Үндістанда өткізіліп, 3600 адамды жинаған. Айта кетейік, 2018 жылы 5 шілдеде Ақтөбе дәрігерлері бір сағатта 4270 адамның артериялық қан қысымын тексерген болатын.
Ақтөбелік дәрігерлер Гиннестің рекордтар кітабына енді
08.01.2019
276
0





