Кеше Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың қатысуымен аудандағы «Ақтерек» тынығу лагерінің бірінші маусымы салтанатты түрде ашылды.– Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Қазірден бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын балаларына
көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі, саналы болып ер жетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын болмақ, – деді аудан басшысы өз сөзінде.
көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі, саналы болып ер жетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын болмақ, – деді аудан басшысы өз сөзінде. Ашылу салтанатында жиылған жұртшылық, лагерь тынығушылары аудандық әуез мектебі өнерпаздарының өнерлерін, бүлдіршіндердің қойылымдарын тамашалап, түрлі ойындар ойнады.
Айта кету керек, былтырғы жазғы маусымда «Ақтерек» лагерінде 5 ауысымда 402 оқушы қамтылса, биылғы жылы 6 ауысымда 482 баланы қамтылады.






