Атырау облысында коронавирусқа шалдыққан 3 адам анықталды

267

0

Атырау облысында коронавирусқа шалдыққан 3 адам анықталды 27 наурыз сағат 12:00 жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы 3 оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында тiркелді.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Ақмола облысында – 1 адам жалпы 124 науқас тіркелді.