Атырау облысы аудандарының бірінде төтенше жағдай жарияланды

479

0

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Атырау облысының Жылыой ауданында су тасқыны салдарынан төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімі орынбасарының мәліметінше, Жылыой ауданында су тасқынына байланысты қиындықтар туындаған.

«Бүгін, 4 сәуірде Жылыой ауданында жергілікті маңызы бар төтенше жағдай жарияланды. Қазір Қосшағыл ауылдық округінің Қарағай ауылын су шайып өтті. Сондықтан ТЖМ штабы ауыл тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру туралы шешім қабылдады. Бірінші кезекте I, II, III топтағы мүгедектер, балалар, науқастар мен әйелдер эвакуацияланады», – деді Гүлнафис Айшуақова Kazinform-ға берген ақпаратында.

Құлсары аудан орталығында ТЖ жариялануына байланысты №1, №8 және №18 орта мектептердің ғимараттарында үш қабылдау пункті ашылды.

«Қарағай кентінен қабылдау пункттеріне дейін автобустар қатынайды. Тұрғындарға жеке басын куәландыратын құжаттар мен ең қажетті заттарды ғана алуға кеңес берілді», – деді Гүлнафис Айшуақова.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан ТЖМ Оралға қосымша күштердің ауысқаны туралы хабарлаған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<