Атырау облысында далалы жерде үлкен шұңқыр пайда болған. Әлеуметтік желіде осы жердің видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
AtyrauPress мәліметінше, бұл Махамбет ауданының қырлы аймағында, дәлірек айтқанда, Бейбарыс ауылына жақын тұста пайда болған.
«Мынадай шұңқыр пайда болыпты. Сақ болып жүріңдер, байқамай қалмаңдар», – дейді видеода ер адам.
Кадрлардан шұңқырдың іші суға толы екені көрінеді.
«Шұңқырдың ені 10 метрден де асып кетеді. Бұл жер жекеменшік мекеменің иелігінде екен. Ал жақын маңда бейіт орналасқан. Жергілікті әкімдік бұл аумаққа тиісті мамандар жіберілетінін жеткізді», – деп жазылған жергілікті басылым мәліметінде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<