Атырау облысында ер адам өзін өртеп жіберді: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

558

0

Сурет: видео скрині

Атырау облысы Доссор ауылында 63 жастағы ер адам отбасылық жанжалдан соң өзін-өзі өртеп жібермек болған. Полицияның мәліметінше, қазір 105-бап («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам 13 қаңтар күні сағат 16:45 шамасында өзін өртеп жіберген.

Атырау облыстық полиция департаменті Мақат аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына Доссор ауылындағы тұрғын үйлердің бірінің жанында 1961 жылы туған аудан тұрғынының өзін-өзі өртеп жібергені туралы хабарлама түскенін хабарлады.

«Осы хабарлама бойынша бұл азаматтың денесінің 70 пайызын күйік шалып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілгені анықталды», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<