Атырау облысында салынып жатқан «жайлы мектептің» шатыры опырылып кетті

135

0

Фото: Аzh.kz

Құлсары қаласының «Атырау» шағынауданында салынып жатқан мектептің шатыры құлады. Білім басқармасының мәліметінше, нысан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынуда және 1200 орынға есептелген. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі Аzh.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

«Құрылыстың аяқталуына дейін бағдарламаға жауапты әкімші Атырау облысының құрылыс басқармасы», – деп нақтылады ведомство.

Құлаудың себептері мен зақым көлемі анықталып жатыр.

Ұлттық пилоттық жоба аясында 2023-2025 жылдары 12 мектептің құрылысы жоспарланған болатын. Бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша оқу-ағарту министрлігінің тапсырысымен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Құлсарыда 1200 орындық мектептің шатырында болған оқиғаға байланысты  түсініктеме берді.

«Нысанды «Turan Ascent» ЖШС «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салып жатыр. Мектептің пайдалануға берілу мерзімі 2025 жылдың соңына жоспарланған. Алдын ала мәлімет бойынша, шатырдың құлауына құрылыс материалдарын сақтау талаптарының бұзылуы себеп болған. Атап айтқанда, спорт залының шатырының шағын бөлігіне 6 тоннадан астам ауыр шатыр материалдары орналастырылып, конструкцияның жергілікті бөлігіне зақым келтірген», – делінген хабарламада.

Жағдайды жан-жақты зерделеу үшін тапсырыс беруші тарапынан басшылық, техникалық және авторлық қадағалау өкілдері кіретін комиссия құрылды. Бұдан бөлек, көтергіш конструкциялардың беріктігі мен жобалық шешімдерге сәйкестігін тексеру үшін мамандандырылған ұйым тартылды.

«Қорытынды шешім сараптама нәтижесінде қабылданады. Мердігер жіберген барлық кемшілік толық жойылады. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Келешек мектептері» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысында сапа мен қауіпсіздікті қатаң бақылау принципін ұстанады», – делінген компанияның жауабында.