Атырауда 15 жастағы жасөспірім бесінші қабаттан секіріп кетті

216

0

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырауда жасөспірім бесінші қабаттың терезесінен секіріп кетіп, алған жарақатынан сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 28 шілде күні сағат 06:30 шамасында болған.

Полиция тергеу мүддесі үшін егжей-тегжейлерді ашпай отыр.

«2009 жылы туған жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық іс қозғалды, жан-жақты тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жариялауға жатпайды», – деп хабарлады полиция.

2024 жылдың 14 маусымында Алматыда 27 жастағы блогер болғысы келетін Айлуна Рахымбекованың өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Ол өз-өзіне қол жұмсау туралы жазба қалдырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<