Атырауда 23 жастағы бойжеткен 3 күн бұрын жоғалып кеткен. Оны полиция қызметкерлері таба алмай жатыр.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жоғалған ару 18 қазанда түнгі сағат 22:00 шамасында үйінен шығып кеткен.
«Із-түзсіз жоғалған бойжеткен Яна Легдокимова 2001 жыоы дүниеге келген. Ол Атырау қаласындағы Авангард-2 шағын ауданында тұрған. Үйінен 18 қазан күні сағат 22:00 шамасында шығып, осы уақытқа дейін кері оралмаған. Жоғалған бойдеткеннің бойы – 1 метр 60 см», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<