Атырауда еркін күрестен чемпион көптің көзінше өзіне қол жұмсады

848

0

Фото: profile.ru

«Трамадол» дәрісі атыраулық чемпионның өліміне себеп болды.

Оқиға Атырау қаласында болған. Психотропты препараттың әсерінен ер адам көптің көзінше өзіне-өзі пышақ сұққан. Шақыртумен жеткен полицейлер оны тоқтатпақ болған. Бірақ, көп қан жоғалтқан ер адам көз жұмды. Бұл жайттың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеу басталған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Марқұм еркін күрестен түрлі жарыстарда чемпион атанған танымал спортшы болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<