Атырауда тісін жұтып қойған баланың 3 рет клиникалық өлімі тіркелген

527

0

Фото: Pixabay.com

Атырауда 5 жасар бала тісін жұтып қойып, тұншығып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

11 маусым 19:23-те «103» пультіне баланың тұншығып жатқаны туралы қоңырау түскен. Жедел жәрдем бес минута келді. Жедел жәрдем келген кезде 5 жасар балада клиникалық өлім тіркелген.

«Баланың тамыры соқпай, тыныс алмаған. Әкесінің айтуынша, 10 минут бұрын оның астыңғы алдыңғы тісі түсіп, бала абайсызда оны жұтып қойған. Жедел жәрдем келгенше әкем өз бетінше жүрек массажын жасады, бірақ нәтиже болмады. Фельдшерлер Мейрамгүл Құрмашева мен Айбек Жеңісов реанимациялық шараларды бастап, барлық құрал-жабдықтарды дайындап, жүрек-өкпе реанимациясына кірісті, 3 циклден кейін бала тыныс ала бастады, – деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Сабырова.

Алайда реанимациядан кейін балада клиникалық өлім белгілері байқалып, жүрек-өкпе реанимациясы жалғасты. Ауруханаға келгенге дейін жедел жәрдем көлігінде баланың үш рет жүрегі соқпай қалған. Бірақ әр кез сайын реанимация жасалған. Бала Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, қазір реанимацияда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<