Атырауда жұмыртқа бағасы күрт қымбаттады

680

0

Сурет: Zakon.kz

Атырауда жұмыртқа бағасы күрт өсті. Қазір бір жұмыртқа 68 теңгеден сатылып жатыр. Бір аптаның ішінде 10 теңгеге қымбаттаған.

Жергілікті билік бағаның өсуіне тауардың өзіндік құны жоғарылауы сеп болған дейді. Жалпы өңірге жұмыртқаның 90 пайызы басқа аймақтардан әкелінеді.

Ал аймақтағы жалғыз құс фабрикасының жұмысы соңғы уақытта тұралаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Зауыт әзірге бір ғана қуаттылықпен жұмыс істеп тұр. Келер жылдан бастап, қуаттылықты 4 есеге өсіріп, өңірдегі тұтыну қажеттілігінің тең жартысын жаппақ.

«Қазіргі уақытта біздің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өніміне жататын тек қана с1 жұмыртқасы жатады. Ол қазір арнайы 36 нүктеде 61 теңгеден сатып алынып жатыр. Біздің шекті баға ол 62 теңге», – деді Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлім басшысының орынбасары Алтынай Ерубаева.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<