Жас емші Ерболсын Серікбаев қазір Ақтөбеде тұрады. «Үкілі бала» атанған ол қаладағы сапасы жоғары мектепте білім алумен қатар ем жүргізіп жүр деп хабарлайды NUR.KZ.
Емші БАҚ құралдарынан жасырынып, ем жүргізу орындарын жиі өзгертіп отырады. Үкісін шешіп, тақия киген ол кеше ем жүргізіп отырып Instagram парақшасы арқылы тікелей эфирге шықты.
Алдына қамшысын қойып, 20-ға жуық адамға ем жүргізіп отырған балаға келушілердің дені ересек жастағылар екенін көруге болады.
Бәрі де көңілді, қолдарын көтеріп қалған. Емші Ерболсын эфирге қысқа ғана уақытқа шығып сәлем жолдады.
Естеріңізде болса, Аралқұмда берілетін білімнің төмендігінен Ақтөбеге көшіп келгенін айтқан емші NUR.KZ-ке болашақта дәрігер болуды армандайтынын айтқан еді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<