Атышулы қылмыстық іс: мұнайдың ұрлану жолы белгілі болды

286

0

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қызылордада мұнай ұрлығына қатысты 21 сотталушының қылмыстық ісі бойынша сот тыңдауы жалғасуда.
Кеше, 12 наурызда Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының мұнай өндіру зауытындағы мұнай ұрлығы бойынша куәгерлер тыңдалды.
Нәтижесінде көмірсутек шикізатын өткізу мен жария ету мән-жайлары белгілі болды. Куәгерлердің айғақтарын негізге ала отырып, «Әлем Қызмет Group» ЖШС (айыптау айғағы бойынша, Қызылорда қаласының тұрғыны, ҰҚТ жетекшісі К.Басықараевқа тиесілі) мен Оңтүстік Қазақстан облысының заңды тұлғаларымен (терге нұсқасы бойынша ұрланған шикізат іс жүзінде жүзеге асырылған) мұнай сатып алу жөнінде келісім жүргізілген.
Тергеу нұсқасы бойынша, ұрланған мұнайды өткізумен топтың белгілі қатысушылары айналысқан. Куәгерлер сондай-ақ, ұрланған мұнайдың жаңа жолын әшкерелеп берді. Белгілі болғандай, осы мақсатта сотталушы С.Баянов алып-сатарларға ресейлік компаниялардың құжаттарын пайдаланған.
Құжаттық деректерге сәйкес, ұрланған мұнай қазақстандық және қырғызстандық мұнай өңдеу зауыттарына РФ келетін пеш отыны ретінде жүзеге асырылған.
Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<