Ауа райы: Алдағы күндері елімізде күн жылынады

315

0

Ауа райы: Алдағы күндері елімізде күн жылынадыСиноптиктер 4-6 мамырдағы ауа райына қатысты болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Қазақстанға келген антициклон еліміздің көптеген облыстарында жауын-шашын мен күннің суытуын тоқтатты. Алдағы үш тәулікте солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі», делінген хабарламада.

6 мамырда күндізгі ауа температурасы кей жерлерде плюс 23-28°С, оңтүстік және орталықта плюс 27-32°С дейін көтеріледі.

Оңтүстік-шығыста алдағы үш тәулікте әлі де суық атмосфералық ағынның ықпалы сақталады, сондықтан кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады, жел күшейеді. Жауын-шашын тоқтағанда өңірде күн көктемгідей тез жылынады. Ал батыс облыстарда Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймағынан атмосфералық ағындардың жылжуына байланысты найзағайлы жаңбыр жауады және нөсер кезінде дауылды жел соғады деп күтіледі.