Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне биыл қаншадан беріледі?

236

0

Қызылордада Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 80 мың теңге шамасында біржолғы көмек көрсетіледі. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.

«Төлем жергілікті өкілді органдардың шешімдері негізінде бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы қағидаға сәйкес жүргізіледі. 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көмек беріледі. Биыл оның мөлшері – 79 530 теңге», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<