Ауғанның от жалыны

120

0

Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай мектебімізде «Ауғанның от жалыны» атты кездесу кеші өткізілді. Шараға Ауған соғысы ардагері Ахметов Ерқанат және қала мектептерінің оқушылары қонақта болды. Қонақтарды  мектебіміздің жас өрендері қарсы алып,өшпес ерлік көрсеткен ағаларымызға арнау оқыды. Мектептің 10 сынып оқушылары қойған концерттік қойылым көпшілікті риза етті. №6 қалалық кітапханашысы ұйымдастырған кітап көрмесі жеке таныстырылып, оған майдангерлер өз бағаларын берді. Кездесудің ең басты құндылығы ұйымдастырылған кітап көрмесі болды. Көрмеге қойылған кітаптарда соғыс кезіндегі  қолданылған қару жарақтар мен басқа да жәдігерлер айтылған, олардың сол кездерде не үшін қолданылғанын ардагерлерге,келген қонақтарға түсіндіріп өтті.

Рахымбек ӘЛІБЕКОВ

К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектебінің 

БӘД оқытушы-ұйымдастырушысы