Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ақпараттық-насихаттық тобы Жалағаш ауданы активімен кездесті. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов жүргізді.
Кездесуде Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры У.Ибраев, облыстық «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Ю.Ким, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшесі М.Жүсіпбекова, Шиелі аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, аудандық мәслихат депутаты Н.Палымбет баяндама жасады. Сонымен қатар, кездесуге Аналар кеңесі және Қоғамдық келісім кеңесі төрағалары, түрлі этнос өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Актив отырысында бірқатар азаматтар Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталды. Аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы С.Алиев, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Р.Ералы, кәсіби емес медиатор Ж.Ибраевтар өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<