Бүгін Жалағаш аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен аудан ардагерлері арасында дәстүрлі VIII спартакиада өтті.
Спартакиадаға кент және ауылдық округтерден 18 команда, 120-ға жуық ардагерлер қатысуда. Спорттың 4 түрі бойынша, атап айтқанда, қол күрес, дартс, арқан тарту, жеңіл атлетика (60 м, 1000 м, 2000 м), эстафета (40х80) бойынша өткізіліп отырған спартакиданы аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев ашып, жарысқа қатысушы ардагерлерге сәттілік тіледі.
– Сіздер ауданымыздың өркендеуі мен дамуы үшін өз қажыр-қайраттарыңыз бен ақыл-кеңестеріңізді аямай келесіздер. Сіздерді өмірде әрқашан азаматтық пен адамгершіліктің үлгісі, үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білген азамат ретінде танимыз. Сіздерді бұдан әрі де арамызда ақылшы, кеңесші бола жүріп, еліміздің игілігі үшін қоғам өміріне белсене араласады деп сенемін – деді аудан басшысы.
Спартакиадада сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлиев Садық, жарыстың бас төрешісі Мұрат Жаңабергенов сөз алып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Жарыс нәтижесінде командалық есеп бойынша І орынды Ақсу ауылдық округі ардагерлері иемденсе, ІІ орынды Жалағаш кенті ардагерлері иеленді. Ал жүлделі ІІІ орынға Аққыр ауылдық округінен келген ардагерлеріміз ие болды. Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<