АУДАН ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

30

0

Жылдағы дәстүр бойынша Арал ауданы әкімінің бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік шараға 120 балғын қатысты.
Балалардың қуанышына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ортақтасып, бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Аудан басшысы өз сөзінде: – «Еліміздің жарқын болашағы, ата-аналарыңның бақыты мен қуанышы да өздерің. Сондықтан да, әрқашан, ата-аналарыңызды қуантыңыздар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңыздар. Бүгінде жасампаз істердің барлығы сіздердің жарқын болашақтарыңыз үшін жасалуда. Келер жылда ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалсын» – деп мерекелік лебізін білдірді.  
Аяз ата мен Ақшақарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алған бүлдіршіндер ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салды.
Жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетті. Мерекелік шара соңында балаларға қыстық киімдер мен тәттілер үлестірілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз