Барлық төрт түлікке ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар уақытылы жүргізіліп отыр. Биыл диагностикалық тексерулер менэнзоотиялық ауруларға қарсы іс-шаралар жүргізуге бюджеттен 114 млн теңге қаржы бөліп, жоспарлаған жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.
Негізінен, Қазалы ауданы көлемінде 14 елді мекен Конго-Қырым қанды безгегі ауруына қолайсыз деп табылып отыр (Майлыбас, № 99, Ақтан батыр, Басықара және Қ.Пірімов, Қарашеңгел, Сарыкөл, Бірлік, Аранды, Өркендеу, Сарбұлақ, Көбек).
Аталған елді мекендерге залалсыздандыру жұмыстары уақытылы жүргізілді. Бірінші жүргізілген залалсыздандыру жұмыстарының тиімділігі 96% көрсетті. Қазіргі таңда 2-ші рет залалсыздандыру жұмыстары жасалуда.
Аудандағы 6 ауылдық округте (Шакен, Аранды, Тасарық, Майлыбас, Құмжиек, Арықбалық) мал тоғыту ванналары бар.
Сондай-ақ, аудандағы 21 мал өлекселерін тастайтын қорымның 6-ы типтік жобада. (Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, Құмжиек а/о, Арықбалық а/о, Сарыкөл а/о, Шәкен а/о), Қалған 15-і қолдан қазылып, сырты қоршалып қарапайым түрде жасалған.
Биыл 2 (Ғ.Мұратбаев, Көларық) округке типтік жобадағы мал қорымының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 4 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүруде.
Балық шаруашылығын қалпына келтіру бағытында қолға алынған жұмыстар жалғасып келеді. Қазіргі таңда 19 су айдынындағы 21 учаскеде 20 балық аулау бригадасы жұмыс жасайды.
Жыл басынан бері 698 млн. теңге құрайтын 640 тонна балық өңделді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 63%-ға артық.
Биыл жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізіміне енгізу үшін 4 көл («Айжан», «Шақасоркөл», «Қыркөл», «Қаракөл») ұсынылды.
Сонымен қатар, көлдерге су апаратын каналдарды да тазалау жұмыстары қолға алынып, 3 каналға механикалық тазалау жұмысы жүргізілді. Бұл балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<