Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі тағайындалды

272

0

Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі тағайындалды Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап. 
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Төрағасының шешімімен Шоқан Жанатұлы Елшібеков Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды», – деп жазды Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында. Бұған дейін Шоқан Елшібеков ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.