ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТӘРТІП КҮШЕЙТІЛЕДІ

449

0

ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТӘРТІП КҮШЕЙТІЛЕДІ ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында облыс орталығындағы кримогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын кең көлемде жүргізу мен қылмыстың алдын алу, орын алған қылмыстарды ашу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылдың наурыз айының 15-17 күндері аралығында полиция қызметкерлерінің жұмыс барысы толықтай күшейтілген жүйеге көшіріліп, облыстағы қоғамдық орындар, мәдениет ошақтары, көшелер мен тұрғын үй аулалары қатаң бақылауға алынып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шаралары жүргізіледі.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<