Судағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында қаладағы су айдындарында рейд ұйымдастырылды. Аталмыш рейдке төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшелерінен 36 қызметкер және еріктілер қатысты.
Рейд барысында Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Ә.Марданов «2017 жылы жазғы суға шомылу маусымы кезеңіндегі бақытсыздық жағдайлар мен оқыс оқиғалар және оның алдын алу туралы облыстық телеарна журналистіне сұхбат берді.
Рейд кезінде қаладағы «Арай», «Мерей», «Күрішмаш» шағын ауданы тұсы, «ПМК-29» және «Ягодка» саяжайлары, «Шіркейлі», «Сталин», «Жібек Жолы», «Сарқырама» каналдарының жағалауларында суға шомылу маусымы кезеңінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауы, олардың жауапкершіліктері жөнінде 200-ден астам үгіт-насихаттық үнпарақтары таратылып, тұрғындармен әңгімелесу өткізілді.
Қызылорда облысы ТЖД
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<