Аурудың алдын алу шаралары жүргізілуде

791

0

  Облыста  тұмау мен жедел респираторлы-вирусты инфекцияның эпидемиологиялық ахуалы және коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында  облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Әлия Ыдырысова және облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Бибізада Дүйсенбаева мәлімдеді.

Аймақта тұмау ауруының алдын алу мақсатында биылғы эпидмаусымға 80 000 доза вакцина алынып, 78199 адам екпе қабылдаған. Сондай-ақ, жұмыс бе­ру­шілер есебінен де вакцинациялау қар­қынды жүзеге асып, 2000-ға жуық қыз­меткерге тұмауға қарсы екпе егілген.

Қазір Қытайда короно­вирус­тың жаңа түрі  эпидемияның та­ра­луына түрткі болып отырғаны бел­гілі. Осыған байланыс­ты қаулы қа­был­данып, со­ның негізінде біршама профи­лактикалық шара жүр­гізіліп жатыр.

–    Вирус шыққан Ухань қа­ла­­сына елімізден тікелей рейс­тер болмағанымен, Қы­тай­ға барып келген азамат­тарға санитар дәрі­герлер тек­­серу жүргізуде. Елімізде  вирус жұқтырған азаматтар анық­талған жоқ. Ал об­лыста Қытай елінің азамат­тары жұ­мыс жасайтын компа­ния­лар­ға, көші-қон саласы бойын­ша аймақтағы уәкілетті орган­дарға сақтық шараларын кү­шейту туралы қызметтік хаттар жолданды, – деді Әлия Нұрмағанбетқызы.

Осы орайда, мамандар коро­новирустың белгілері тұмауға ұқсай­тындығын ес­кертті. Науқас жөтеліп,  кеуде қуысы ауырады, дене қызуы көтеріледі. Сон­дықтан суық тию­дің белгілері байқалған жағ­дайда өз бетімен емделмей, дереу медициналық кө­мек­ке жүгіну керек. Әйтпесе нау­қастың жағдайы нашарлауы мүмкін.

– Аурудың алдын алу ба­ғыт­ында мына жағдайларды ес­керу шарт. Атап айтқанда, адамдар көп жиналатын жерлерде медициналық бетперде пайдаланған жөн. Барынша тазалық сақтап, қолды сабынмен жиі жуу керек. Күнделікті ас мәзірінде С дәрумені бар өнімдерді мүмкіндігінше көп тұтыну қажет. Ит-мы­сыққа жоламаған абзал, жалпы саламатты өмір салтын ұстанудың маңызы зор, – дейді денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Бибізада Дүйсенбаева.

Айнұр БАТТАЛОВА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<