Ауыл шаруашылығы үшін дизельді отынның зауыт бағасы 150 теңгеден шығарылады

279

0

Ауыл шаруашылығы үшін дизельді отынның зауыт бағасы 150 теңгеден шығарылады Ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін ресурс сақтаушылар дизельді зауыттан 150 теңгеден шығарады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Энергетика министрлігі ақпарат таратты.

Бүгін ҚР энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов баспасөз конференциясы барысында автожанармай құю станцияларында дизель отыны бағасының өсуі қазақстандық шаруаларға ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге кедергі келтірмейтінін айтты.

ҚР Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, АЖҚС-тарда дизель отыны бағасының өсуі бірнеше факторға байланысты.

Энергетика вице-министрі Б. Ақшолақовтың мәлімдеуінше, дизельдік отынды тұтыну көлемінің артуының негізгі факторы — дизель отынын өндірудің жалпы көлемінің елеулі үлесін ауыл шаруашылығы және темір жол салаларын қамтамасыз етуге бағыттау болып табылады. Бұдан өзге, сұраныстың артуы Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүк тасымалдарының маусымдық ұлғаюымен және онымен байланысты ішкі нарықта және көршілес елдердің шекаралас аудандарында бағалардың айырмашылығына орай отын ағынымен байланысты. Оның айтуынша, осы жылдың 1 маусымынан бастап дизельдік отынға акциз мөлшерлемесі 7,7 тг/л өсті.

«Жалпы факторлардың қосындысында сұраныстың артуы, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арналған жеңілдікті отын көлемінің ұлғаюы және өндірудің өзіндік құнының өсуі дизель отынын өндіру құнының жоғарылауымен бірге (МӨЗ-де өңдеу тарифінің ұлғаюы) дизельдік отын бағасының маусымдық өсуіне ықпал етеді», — деді Б. Ақшолақов.

Сонымен қатар вице-министр ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (АШТӨ) мұнай өнімдерін ұстаушылар тарапынан берілетін едәуір жеңілдік туралы айтып берді.

«Айта кетейік, АШТӨ үшін дизель отынына деген арзандатылған бағаларды заңнамалық бекіту құзыреттілігі Энергетика министрлігінде ауыл шаруашылығы үшін қарастырылмаған. АШТӨ-ге мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынын жөнелту басымдықпен іске асырылады. Сонымен қатар, жөнелтілген отынды бақылау және оған мониторинг жүргізу тәулік сайын орындалады. Энергетика министрлігі 2018 жылғы дала жұмыстарын тұрақты әрі уақытылы жүргізу үшін АШТӨ-ні жан-жақты қолдау шараларын қабылдап жатыр», — деді вице-министр.

Сонымен қатар, 2018 жылдың дала жұмыстарын уақытылы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, «2018 жылдың дала жұмыстарына дизель отынын жеткізу бойынша облыстарды МӨЗ-ге бекіту кестелерін» әзірледі. Оның аясында АШТӨ-ге арналған жалпы өтінім толық көлемде қанағаттандырылды және 769,4 мың т көлемінде бекітілді. Осылайша, фермерлерге дизельдік отын көктемде егіс жұмыстарына және күзде астық жинауға жеткізіледі. Жыл басында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 375 мың тонна дизельдік отын бөлінді. Күзгі жұмыстарға 394,4 мың тонна болады.

Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, жеткізу кестесі шілде–қазан аралығына белгіленген.

Осы жылдың шілде айындағы жеткізу жоспары 112,2 мың тонна көлемі кезінде жөнелтілім 90,2 мың тоннаны немесе 80,4% құрады. Жөнелту ақысы төленген көлемге сәйкес тұрақты түрде жүргізіледі. Осы жылдың 6 тамызындағы жағдай бойынша дизель отынының жиынтық қоры 255,8 мың тоннаны құрайды, оның ішінде 193,1 — республиканың мұнай базаларында. Сонымен қатар, Аи-92 бензинінің қоры 347,9 құрайды, оның ішінде республиканың мұнай базаларында — 299,7.

«Бүгінде бұл көлем толығымен облыстар бойынша бөлінген. Дизель отынына қойылған бағалар мемлекеттік деңгейде реттелмейді. Баға нарықта қойылуда. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қатысты бағаларға ешқандай да мемлекеттік субсидиялау қарастырылмаған. Осыған қарамастан, мұнай өнімдерін ұстаушылар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне айтарлықтай жеңілдік жасады. Мәселен, дизель отынының бөлшек сауда бағасы 1 литріне 183–187 теңге болса, ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін ресурс сақтаушылар дизельді зауыттан 150 теңгеден шығарып жатыр», — деп атап өтті Б. Ақшолақов.

ЖЖМ бағасына қатысты айтар болсақ, Global Petroleum Prices халықаралық агенттігінің рейтингісіне сәйкес, (2018 ж. 30 шілде айындағы жағдай бойынша) Қазақстан ең арзан бензин сатылатын елдер арасында 10 позицияда, ал дизельдік отын бойынша — 167 елдің арасында 13 орында.

«Сауд Арабиясы, Араб Әмірліктері, АҚШ, Ресей, Әзербайжан және т.б. елдерде бензин бағасы біздікінен қымбатырақ. Бензин тек 9 елде (Венесуэла, Иран, Кувейт) арзанырақ және дизельдік отын 12 елде (Венесуэла, Иран, Сауд Арабиясы) арзанырақ. Рейтинг ай сайын шығарылады. Мәліметтер ашық түрде жазылған, кез-келген қызығушылық танытқан адам өзі қарап көзін жеткізе алады», — деді Б. Ақшолақов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<