Ауыл шаруашылығына салынған инвестиция 510,9 млн. теңгені құрады

304

0

Ауыл шаруашылығына салынған инвестиция 510,9 млн. теңгені құрады 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында облыстың ауыл шаруашылығы саласының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері төмендегідей қалыптасты.
Кеше облыс әкімдігінің баспасөз орталығында облыс әкімінің орынбасары Қожаниязов Серік Салауатұлы 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстар және алға қойған міндеттер жөніндегі брифингте осылай деді.
Брифингте облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов баяндама жасап, өзі жетекшілік ететін саладағы жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.
– Облыстың аграрлық секторын мемлекеттік қолдауға 10,7 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 15,1%-ға артты. Ауыл шаруашылығының өндірілген өнім көлемі 16,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ға артты. Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі 510,9 млн. теңгені құрап, 2017 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 85,5%-ға артты. Тамақ өнімдерін өндіру көлемі 19,4 млрд. теңгені құрап, 2017 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,0% құрады, – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<