Ауылшаруашылығы саласының кәсіпкерлеріне тегін кеңес беру орталығы жұмыс істеуде

96

0

Кәсіпкерлер палатасының алаңында «Ауыл шаруашылығы бағытында кәсіпкерлікті жүргізу бойынша тегін кеңес беру орталығы» қызметін пайдалануға шақырамыз!

Мақсаты: Ветеринария, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары мен жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу, фитосанитариялық-карантиндік бағыттарында, салық түсімдерін есептеу мен бақылау-кассалық машиналары (ККМ) туралы кәсіпкерлер мен тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, заңдылықтарға сәйкес бағыт-бағдар жасау.

«Ауыл шаруашылығы бағытында кәсіпкерлікті жүргізу бойынша ТЕГІН кеңес беру орталығында» дүйсенбіден жұма күндері сағат 12:00 – 13:00 аралығында мамандар кеңес береді.

Орналасқан орны: Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, Қызылорда қаласы, Желтоқсан 12, 2-қабат.

Анықтама телефоны: 8/7242/40-02-02.