2018 жылғы мамыр айының 3 күні сағат 23.00-ден 4 мамыр сағат 06.00-ге дейін «Южный» мөлтек ауданы мен Амангелді көшесі мен Қорқыт Ата көшесінің қиылысы мен Абай даңғылы мен Панфилов көшесінің қиылыстарында орналасқан ашып – жабу камераларындағы д-700 мм ескі құбырларын ажырату жұмыстары жүргізіледі.Осыған байланысты көрсетілген уақыт аралығында ауыз су беру уақытша тоқтатылады.
Осы аралықтағы қажетті ауыз су мөлшерін жинап алуларыңызды және атқарылатын жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.





