Автобус жолаушыларымен далада қалып қойған

250

0

Кеше, 9 желтоқсан күні 16 сағат 15 минутта ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісіне Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісінен Қызылорда-Павлодар-Успенка РФ тас жолында ауа райының қолайсыздығынан жолаушылар автобусы адамдарымен қалып қойғандығы жөнінде хабар түсті. 

Құтқару тобы 3 құтқарушы 1 бірлік техника хабар алысымен Қызылорда қаласынан шығып кетті. Жасақ құтқарушылары Қызылорда-Жезқазған тас жолында 84 шақырым қашықтықта 10 адамы бар бұзылып тұрған»Астана-Қызылорда»  бағытындағы автобусты тапты. Зардап шегушілер ыстық шаймен қамтамасыз етілді. Жасақ құтқарушылары зардап шегушілерді Қызылорда қаласына эвакуациялау жұмыстарын жүргізді.       

ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<