«Майқайың алтын» АҚ аумағында қаңтарда ескі шахтаға автобуспен бірге құлаған құтқарушыларды іздеу жұмыстары жанданды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Кәсіпорын өкілдері іздеу жұмыстары күн сайын жүргізілетінін мәлімдеді.
«28 маусымда кәсіби әскери авариялық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабының ЖШС-мен бірлесіп іздеу жұмыстары басталды. Іздеу жұмыстары күндізгі уақытта таңғы 05:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Жұмысты 7 шілдеде аяқтау жоспарланып отыр, қажет болған жағдайда мерзімі ұзартылады», – деді «Майқайың алтын» АҚ өкілдері.
Сондай-ақ, кәсіпорын өкілдері кестеге сәйкес қажет дайындық жұмыстары жасалғанын айтты.
Жұмыстарға бульдозер мен екі экскаватор тартылған.
«Майқайың алтын» АҚ өкілдері жұмыс орнынан суреттер жолдаған. Кадрларда ағаш қалдықтары, жыртылған құжаттар көрінеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<