Автокөлік қоршауға ілініп қалды

285

0

Автокөлік қоршауға ілініп қалды Оралда жол апатынан кейін «Вольво» автокөлігі темір қоршауға ілініп қалды,  – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 21 наурыз күні сағат 23.50 шамасында Депо көпірі ауданында Деповская мен Куличев көшелерінің қиылысында орын алды.

Апаттық-құтқару жұмыстарына барлығы 10 адам, 2 техника жұмылдырылды. БҚО денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, бір адам Орал қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Ол бүгін жансақтау бөлімінен бөлімшеге ауыстырылды.
 Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 15 тонна пішен жанып кеткенін жазған болатынбыз.