Авторлық құқықты бұзғаны үшін \»Кселл\» компаниясы ірі көлемде айыппұл төлеуге міндеттелді

421

0

Авторлық құқықты бұзғаны үшін \"Кселл\" компаниясы ірі көлемде айыппұл төлеуге міндеттелді Сот «Кселл» компаниясынан өтемақы ретінде 670 млн теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды. Авторлық құқықты бұзғаны үшін «Кселл» компаниясы ірі көлемде айыппұл төлеуге міндеттелді, – деп хабарлайды BNews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Данияр Балиевтың компаниясы «Кселл» АҚ-нан негізсіз түрде миллиардтаған теңге талап етуде. Бірінші инстанция соты «Кселл» тарапынан бұзушылық туралы қандай да бір дәлелсіз Балиев мырзаның талабын қанағаттандырды және талапкердің пайдасына 670 млн теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Қазіргі уақытта «DLConstruction» ЖШС-ның «Кселл» компаниясына жасаған шағымының жалпы сомасы 40 млрд теңге болып отыр. Ұялы байланыс операторы Данияр Балиевтің компаниясының талабымен келіспейді және сот талқылауының әділдігіне күмән келтіреді.

Данияр Балиевқа тиесілі «DLConstruction» ЖШС сотта «Кселл» АҚ және оның серіктесі «Terraline» ЖШС-нің «DLConstruction» ЖШС-ға берілген авторлық құқықтарды осы компаниялардың бұзғаны туралы талап қойды. «DLConstruction» ЖШС пікірінше, «Кселл» компаниясы және оның серіктесі MobiTV пакеттерінің біріне кіретін Muzlife телеарнасында 18 күн бойы 49 бейнебаян таратылып, компания авторлық құқықты бұзған, ал «MuzLife» телеарнасына берілген тарату құқығы сотта дәлелденбегенін айтты.

Бірінші инстанция соты «Кселл» АҚ байланыс операторы және «Terraline» ЖШС авторлық құқықты бұзды деп таныды және туындының әрбір шығарылымы үшін жалпы сомасы 670 млн теңге 1300 АЕК өтемақы өндіріп алуға шешім шығарды.

Қазіргі уақытта Данияр Балиевтың компаниясы «Кселл» АҚ-на жалпы сомасы 5 млрд теңгеден асатын  сотқа дейінгі тағы 2 талап қоюда. Бұдан басқа, «DLConstruction» ЖШС «Кселл» АҚ-нан Балиев мырзаның компаниясына берілген барлық авторлық құқықтың ұялы байланыс операторының және оның серіктесінің тарапынан бұзылғаны үшін өтемақы ретінде 40 млрд теңгені өндіріп алуға ниеттеніп отыр.

«Кселл» АҚ-да авторлық құқық бұзушылықпен келіспейтіндіктерін атап өтті. Компания сот шығарған шешімге шағымдануды жалғастырады және төмендегідей мәлімдеме жасайды:

«Кселл» АҚ ҚР заңнамасына сәйкес жұмыс істейді және Қазақстанда авторлық құқықты қорғау саясатына толықтай жауап береді. Екі жыл бұрын компания өзінің және нарық алдына тұтынушы мінез-құлқын өзгертуге және авторлық құқығы сақталған заңды контентті тұтынуды қолжетімді және ыңғайлы етуді мақсат етіп қойды», – делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<