Сырдария ауданының жастары бүгінгі саяси науқанда белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады.
– Біз бар білімімізбен еліміздің өркендеуіне атсалысып, ерен еңбек етіп, туған жеріміздің Әділетті Қазақстан құрылуы жолында ерінбей еңбек ететін боламыз, – деп ұрандатты аудан жастары.
Сырдария ауданының жастары бүгінде мейірімділік шараларынан қалыс қалмай келеді. Қадірлі қарттарымызға құрмет көрсету – сауабы мол амалдың бірі. Осы уақытта ауданда өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін жас еріктілердің қатары артып келеді. Бүгінгі саяси науқан аясында ерікті жастарымыз белсенділік танытуда.
Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы арқылы ерікті жастар автоволонтерлыққа шақырылып, олардың тізімі жасақталды.
Қазіргі таңда, 15 автоволонтер жүріп-тұруы қиын қадірлі қарттарды сайлау учаскесіне дейін апарып, одан кейін үйлеріне жеткізуде.
Аудан жастары тегін тасымалдау арқылы қызмет жасап, қарттарымыздың разылығын алуда.
Айта кету керек, бүгінгі саяси науқанда белсенді жас Ерсұлтан Шәден еліміздің жарқын болашағы үшін алғаш рет дауыс беріп, №169 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
– Әрбір патриот өз елінің болашағына жауапты. Сайлауда алғаш рет дауыс бердім. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Алға қойған мақсаттарыма қол жеткізу үшін жарқын болашақ үшін дауыс беруге шақырамын, – деді Шәден Ерсұлтан.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<