Автожол саласын дамыту бойынша бірқатар жұмыстар пысықталды

6

0

Фото: Арал ауданы

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, Үкімет отырысында көтерілген мәселелерге сәйкес автожол саласын дамыту бағытындағы жұмыстар жан-жақты пысықталды.

Күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігін атап өткен аудан әкімі тиісті бөлім басшысынан биылғы жылға жоспарланған жұмыстардың барысы жөнінде ақпарат сұрады.

Өткен жылы жол құрылысы саласын дамытуға 4 млрд 640 млн теңге бөлініп, 44,7 шақырымнан астам жол жөндеуден өтті. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 55,6 пайызға жетті. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар 2 млрд 737 млн теңге көлеміндегі қаржымен жалғасуда. Жыл соңына дейін аудан аумағындағы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін арттыру межесі қойылып отыр.

Аудан әкімі аталған көрсеткішке қол жеткізу үшін облыстық және республикалық бюджеттен қосымша қаржы тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Сонымен қатар, жүзеге асырылатын жол құрылысы жобаларының сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді жүктеп, тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда болатынын ескертті.

Жиын барысында аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы бюджет қаражатын тиімді әрі үнемді пайдалану мәселесі үнемі назарда болуы тиіс екенін атап өтті. Қаржылық шығыны жоғары жобаларды әзірлеу кезінде жан-жақты талдау мен келісімнің маңыздылығын айтып, бірінші кезекте аса қажетті жобаларға жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау керектігін жеткізді. Сондай-ақ жауапты тұлғаларды бюджет қаражатын мақсатты әрі тиімді пайдалануға шақырды.

Жиынды қорытындысында аудан аумағында санитарлық тазалық жұмыстары қайта қарқын алатынын айтылып, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру шаралары күшейтілген режимде ұйымдастырылу қажеттігі ескертілді.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі