«Қызылорда-Жезқазған» жолының құрылысына Азия даму банкі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі секілді ірі халықаралық қаржы институттары қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
«Қызылорда-Жезқазған» жолының құрылысына Азия даму банкі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі секілді ірі халықаралық қаржы институттары қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
Сондай-ақ, Үкімет сағатында Жеңіс Қасымбек республиканың жолдарына ақылы жүйені енгізу және жол-сервистік объектілерді дамыту жөнінде пікір білдірді.
– «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында және қаржыны үнемдеу мақсатында ақылы жүйені енгізу жоспарда бар. Қазіргі уақытта «Алматы-Қорғас», «Астана-Теміртау» және «Алматы-Қапшағай» автожолдарының учаскелерінде (жалпы ұзындығы 471 шақырым) жұмыс жүргізіліп жатыр. Жүйе қыркүйек айында тест режимінде іске қосылады, – дейді Ж.Қасымбек.
Министрдің айтуынша, 2021 жылға дейін 6,7 мың шақырым, ал 2025 жылға қарай 11,7 мың шақырым жол ақылы болмақ.
– Мемлекеттік маңызы бар автожолдарда арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын ұйымдастыру бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір мұндай 12 құрал бар. Биыл «Астана-Теміртау», «Алматы-Қапшағай» және «Алматы-Қорғас» учаскелерінде ақылы жүйені енгізу аясында тағы 11 автоматтандырылған өлшеу құралдарын іске қосу жоспарланып отыр. 2019-2020 жылдары ақылы жолдар мен шекаралық өткізу пункттері бойынша 34 құрал орнатылады. 2020 жылдың аяғына дейін олардың санын 57-ге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз, – дейді Инвестициялар және даму министрі.
Оның айтуынша, жол-сервистік объектілерін дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді.
Ж.ӘЛМАХАН.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<