Ауа райына байланысты бірқатар облыста су тасқыны қаупі сақталады – ТЖМ

521

0

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМКҚ төрт аймақтың ауа райына қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің дерегіне қарағанда, 4-10 ақпан аралығында Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында қар аралас жаңбыр және қатты жауын-шашын түсуі мүмкін.

«Сондай-ақ температураның күрт жоғарылауына байланысты қар мен мұздың тез еруі, беткейден су ағыны және өзен деңгейлерінің көтерілуі ықтимал. Бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін», – деп жазды Қазгидрометтен.

Ал ТЖМ азаматтарға өз үйлерінің аула аймақтарын қардан, арықтарды қоқыс пен мұздан уақытылы тазарту қажеттігін еске салады.

Су деңгейі көтерілген жағдайда 112 телефонына хабарласу қажет.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<