Ауа райының қолайсыздығына байланысты қосымша пойыздар жолға шығады

629

0

Фото: Виктор Федюнин/ҚазАқпарат ХАА

Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қала маңыны бағыты бойынша қосымша пойыз қосады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Алдағы демалыс күндері күтілетін қолайсыз ауа райына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бурабай курорты бағыты бойынша азаматтарды тасымалдау үшін қосымша электр пойызын енгізу туралы шешім қабылдады.

Бурабай курорты станциясына дейін №7553/7556 «Қарағанды-Астана» электр пойызының қозғалысы ұзартылады (атауы №6811/6812 «Астана-Бурабай курорты»). Биыл 26 және 28 қаңтарда пойыз Астанадан сағат 10:10-да шығып, Бурабайға сағат 13:20-да келеді. Осы күндері кері бағытта пойыз Бурабайдан сағат 14:48-де кетіп, Астанаға сағат 17:54-те келеді. Электр пойызда жолаушыларға 274 орын ұсынылады.

Қосымша электр пойыздарға билеттерді сату 25 қаңтар күні сағат 21:00-де басталды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар ағыны ұлғайған жағдайда Астана, Қарағанды және Павлодардан 44 қосымша вагонды қосатын болады. Бұл қосымша вагондар 2 мыңға дейін жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және билет кассаларында сатып алуға болады.

Вокзалдар мен пойыздарда жолаушылар ағынының күрт ұлғаюын ескере отырып,«Жолаушылар тасымалы» АҚ азаматтарға ауа райы жағдайларын елеп, өз сапарларын алдын ала жоспарлауды және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі, «KTZH_PP_BOT» бот жеделхаттары, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы білуге болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<