Аудан әкімі абаттандыру жұмыстарымен танысты

153

0

Фото: Шиелі ауданы

Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Шиелі кентінде жүргізіліп жатқан көркейту және абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Атап айтқанда Шиелі кентіндегі Яссауи, Шәкәрім, И.Әбдікәрімов көшеліріндегі көп қабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жаңарту, құрылыс материалдарымен қаптау жұмыстарын бақылады. Сондай ақ, кенттегі көгалдандыру, жарықтандыру жұмыстарының жай-күйімен танысты.

Аудан басшысы тиісті сала басшыларына жұмыстың сапалы орындалуын және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып іске асыруды тапсырды.

Алдағы уақытта да кент орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін жөндеу жұмыстары жалғасатын болады.

«Абаттандыру – бұл тек сыртқы көріністі жақсарту емес, тұрғындарға жайлы, қауіпсіз және көрікті орта қалыптастырудың маңызды негізі», – деді Айтбай Насриддинұлы.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі