Аудан әкімі әлеуметтік нысандарды аралады

154

0

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков бірқатар әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығын бақылап шықты.

Аралау барысында аудан әкімі тиісті сала басшыларына жылу беру маусымының кедергісіз өтуін қатаң түрде тапсырма беріп, «Күз айларында ауа райы жайлы болғанымен, қыстың суығы әлі алда. Сондықтан кез келген жағдайға сақадай сай болуымыз керек»,- деді аудан әкімі.

Аталған дәрігерлік амбулаториялар, мәдениет үйлері, спорт кешендері және білім беру ұйымдарында отын қоры жеткілікті және бу қазандықтары ақаусыз жұмыс істеп тұр.

Ауданда қатты отынға қатысты мәселе жоқ, әрі қазіргі қоймадағы көмір қорына қосымша вагондармен көмір келуде.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<