Аудан әкімі алтын құрсақты аналарды марапаттады

18

0

Фото: Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Әлемнің жарығын сыйлап, ұрпақ тәрбиесін өмірінің басты мұратына айналдырған аналарға көрсетілер құрмет қашанда жоғары.

Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбеков көпбалалы аналарды арнайы қабылдап, мемлекет тарапынан берілетін «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін салтанатты түрде табыс етті.

Киелі Шиелі жерінде тұрып жатқан 20 ана аталмыш марапатқа ие болды. Оның ішінде 1 ана «Алтын алқа», 19 ана «Күміс алқа» марапатына лайық деп танылды. Осылайша аудан бойынша «Алтын алқа» иегерлерінің саны 1023-ке, ал «Күміс алқа» иегерлері 1505-ке жетіп отыр.

Салтанатты шара барысында аудан басшысы алтын құрсақты аналарды шын жүректен құттықтап, олардың ел болашағын тәрбиелеудегі өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті. Сондай-ақ аналарға зор денсаулық, отбасыларына амандық, өсіріп отырған ұл-қыздарының елдің абыройын асқақтатар азамат болып өсуіне тілектестік білдірді.

Өз кезегінде марапат иелері мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, жергілікті атқарушы биліктің жұмысына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі