Аудан әкімі Аққыр ауылында болды

156

0

Фото: Жалағаш ауданы

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Аққыр ауылдық округінде құрылысы жүріп жатқан спорт нысанының жұмысымен танысып, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

«Құрылыс жұмыстары сапалы жүргізілуі керек, сапа стандарттарына сай болуы тиіс. Сол себепті мердігерге айтарым, жұмыстарыңызды жауапкершілікпен, жанашырлықпен, кәсіби деңгейде атқарыңыздар», – деді аудан әкімі А.Ибраимов.

Бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстарды саралаған аудан әкімі мердігер мекеме өкіліне бірқатар ескертулер беріп, құрылысты сапалы аяқтауды жүктеп, атқарылып жатқан жұмыстар жіті бақылауында болатынын қатаң ескертті.

Айта кетейік, 2024 жылы облыс әкімінің қолдауымен ауыл жастарын спортпен шұғылдануға жағдай жасау үшін «Қазақстан халқына» қоры арқылы Аққыр елді мекенінде жалпы құны 175,0 млн теңге болатын спорт кешенінің құрылысы басталған болатын. Қазіргі таңда, аталған нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Бүгінгі күні ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<