Аудан әкімі Арал қаласындағы нысандарды аралады

623

0

Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев Арал қаласындағы әлеуметтік нысандарды аралап, ондағы қызметкерлермен кездесу өткізіп, салаға қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

Аудан басшысы білім беру, денсаулық сақтау нысандарының күнделікті жұмыс барысымен танысып, жаңғыртудан өтіп жатқан бу қазандықтары мен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан құрылыс нысанында болды. Сондай-ақ аудан басшысы биыл жүзеге асатын жаңа жобаларды саралап, межеленген мерзімде іске асуына бар мүмкіндіктерді жасау бойынша тиісті сала басшыларына тапсырма берді.