Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков аудан ардагерлерімен бірге Шиелі кентінде атқарылып жатқан абаттандыру және инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты.
Атап айтқанда, ауданның ажарын ашып, көркін келтіріп тұрған Дәулеткерей көшесіндегі сәндік қоршау орнату жұмыстары және орталық аурухана алдындағы жол құрылысы назарға алынды.
Аудан басшысы жұмыс сапасын мұқият қарап шығып, мердігер мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен бірге, тазалық пен тәртіпті сақтау, абаттандыру жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтау қажеттігін ескертті.
Ардагерлер де өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ауданның көркейіп келе жатқанына ризашылықтарын жеткізді.
Ел игілігіне бағытталған мұндай жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі






