Аудан әкімі білім ошақтарын аралады

275

0

Фото: Қазалы ауданы

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет оқу жылының аяқталуына байланысты Әйтеке би кентіндегі бірқатар білім ошақтарын аралады.

Аудан басшысы аралау барасында алдымен мектеп асханалары мен спорт залдары және сыныптардың жағдайын бақылады. Мектеп директорларына жазғы демалыс уақытында оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, жұмыс жасау керектігін айтты. Сондай-ақ жазғы демалыс уақытында оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыста болып, балалардың қауіпсіздігін басты назарды ұстауды тапсырды.

Мұнан бөлек сыныптардың керекті жабдықтармен жабдықталу, мектеп асханаларының санитарлық-тазалығы, білім ошақтарының ауласын көркейту-көгалдандыру жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Аудан әкімі білім ошақтарынан кейін «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығына барып, тынығу лагерінің жазғы маусымға дайындығын көрді. Орталықта биыл жылдағы дәстүрге сай жазғы маусымда 7 ауысым ұйымдастырылып, әр ауысым бойынша 125 оқушыдан, барлығы 875 баланы демалдыру жоспарланып отыр.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<