Аудан әкімі энергетика саласы қызметкерлерін қабылдады

562

0

Фото: Жалағаш ауданы

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов «Энергетиктер күні» мерекесіне орай салтанатты қабылдау өткізді.

Қабылдауда еліміздің экономикасы мен бүгінгі әлеуетінің бет-бейнесі, шынайы көрінісі саналатын энергетика саласының білікті қызметкерлері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов энергетика саласының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

«Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, құт – береке тілеймін!

Мезгілдің ыстық – суығына, желі мен боранына, жауыны мен тұманына қарамай жасаған жасампаз еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!

Сіздерге жеңіл жұмыс апталарын, үздіксіз электрмен жабдықтауды, барлық механизмдердің біркелкі жұмыс істеуін тілеймін»,- деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.

Кәсіби мереке қарсаңындағы салтанатты шараға қатысқан сала ардагерлері шынайы алғысын білдіріп, бүгінгі білікті мамандарға сәттілік тіледі.

Жалағаш ауданы әкімдігі