Аудан әкімі мектеп бітіруші түлектерге сәт сапар тіледі

1869

0

Биылғы оқу жылы да аяқталып, мектеп бітіруші түлектердің алтын ұя білім ордасымен қоштасатын сәті де келіп жетті. Бүгін осыған орай Қазалы ауданындағы барлық мектептерде соңғы қоңырау соғу шарасы салтанатты түрде өтті.

Аудан әкімі мектеп бітіруші түлектерге сәт сапар тіледі

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев пен облыстық мәслихат депутаттары Мнажадин Өтеев, Ібайдулла Тілеп қасиетті топырақтағы беделді білім беру ұйымдарының бірі Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейге арнайы барып, жас түлектердің қуанышымен бөлісті.

Аудан әкімі мектеп бітіруші түлектерге сәт сапар тіледі

Мерекелік шарада мектеп алаңына түлектердің төрт сыныбы салтанатты түрде құрмет-қошеметпен шақырылды.

Шашына ақ бантик таққан қыздар мен ақ көйлек киген ұлдарды аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтап, жаңа өмірге қадам басқан түлектерге ақ жол тіледі.

Аудан әкімі мектеп бітіруші түлектерге сәт сапар тіледі

– Мектеп бітіру мерекесі әр адамның өміріндегі ерекше, ұмытылмас күндердің бірі. Себебі, тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан бүгінгі түлектер білім нәрімен сусындаған мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұр. Жалпы биылғы оқу жылында ауданымызда барлығы 684 бала мектеп бітірсе, 612-і Ұлттық бірыңғай тестілеуде бақ сынайды. Олардың арасынан 57 оқушы «Алтын белгіге», 61 оқушы «Үздік атестатқа» үміткер. Мұның ішінде республика көлеміне танымал, таланттар ұстанахасы саналатын Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейден 13 оқушы «Алтын белгімен», 17 оқушы «Үздік аттестатпен» бітіргелі отыр. Барлығыңызға сәттілік тілеймін, – деді Мұхтар Әуесұлы.

Аудан әкімі мектеп бітіруші түлектерге сәт сапар тіледі

Мұнан соң пәндік олимпиада жүлдегерлері мен түрлі сайыстарда жеңіске жеткен оқушылардың ата-аналарына «Алғыс хат» тапсырды.

Салтанатты шарада мектептің ата-аналар кеңесінің төрағасы Кемал Көпжасаров та құттықтау сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге батасын берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<