Аудан әкімі өмірден озды

989

0

Бүгін Cарқан ауданының әкімі Қайнарбеков Талғат Қанатұлы 53 жасында мезгілсіз өмірден озды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талғат Қанатұлы еңбек жолында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Текелі және Қапшағай қалаларының әкімі қызметтерін атқарған. 2020 жылдың мамыр айынан Сарқан ауданын басқарды.

Ол адамгершілігімен, кәсіби қасиеттерімен ерекшеленетін. Қай істің тізгінін қолына алса да өте елгезек және жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтын жан еді. Қайғылы жағдайға байланысты марқұмның отбасына, туыс-туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз!, – делінген Жетісу облысы әкімдігі таратқан хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<