Аудан әкімі өрт салдарынан зардап шеккен отбасыларына барды

845

0

Кеше Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Шаған ауылында тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындардың отбасына арнайы барып, жағдайымен танысты.

Абай көшесіндегі 2 пәтерлік үй №2/1 және 2/2 тұрғын үйде Айбек Іскендіров, Қанат Жалғасұлы отбасымен тұрады. Өрттің салдарынан тұрғын үй түгел өртеніп кеткен. Сонымен қатар, үйдің ішіндегі пайдаланып отырған заттар да жанып кеткен.

Өз кезегінде аудан әкімі қиындыққа тап болған отбасыға әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін және жергілікті кәсіпкерлерден көмек болатынын жеткізді.

Айта кетейік, кеше түнгі сағат 22:30 шамасында Шаған ауылы Абай көшесіндегі 2 пәтерлік тұрғын үйден өрт шығып, өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері, 50 ерікті және «Шаған-Жер» ЖШС-нің техникасының көмегімен дер кезінде сөндірілген болатын. Адам және мал шығыны жоқ.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<